Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде азық-түлік тағы қымбаттады

Елімізде азық-түлік тағы қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға көтерілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді.

“Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және Астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Сүт 2,5% – 353 тг/л

Қант – 459 тг/кг

Сәбіз – 152 тг/кг.

Фото: ​stan.kz​​​
17 ақпан 2023 ж. 307 0