Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі

Адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі

Жүрек ұстамасы – жыл сайын ерлер де, әйелдер де шалдығатын қауіпті проблема. Өмір үшін қауіпті бұл жағдай күтпеген жерден пайда болуы және оған дейін білінбеуі мүмкін. Жасырын жүрек ұстамасын қалай анықтауға болады?Қарапайым жүрек ұстамасы қалай білінеді?

Миокард инфаркты мыңдаған адамның өмірін алып жатыр. Оған тек егде жастағылар емес, жастар да шалдығады. Әдетте, жүрек ұстамасы мына белгілермен қатар жүреді:

- жүрек ырғағының бұзылуы;
- көкірек қуысының ауыруы;
- күйзелу және өлімнен қорқу;
- жүрек тұсының созылмалы ауыруы.

Ал жасырын жүрек ұстамасының белгілері қандай?

Жоғарыда айтылған белгілер көпшілікке таныс және оларды байқаған адам бірден медициналық көмекке жүгінеді. Бірақ кей адамдар жасырын жүрек ұстамасының белгілеріне тап болып, оны білмей қалуы мүмкін. Бұл жағдайға тән белгілерді ұсынамыз.

Іштің қатты ауыруы

Жүрек ұстамасы кезінде көп жағдайда кеуде тұсы қатты ауырып, ол сол жақ иық пен қолға беріледі. Бірақ әйелдерде жасырын миокард инфарктының белгісі ішінің қатты ауыруы болуы мүмкін. Жиі онымен бірге қыжыл, жүрек айну, құсу бірге жүреді.

Тахикардия

Жасырын жүрек ұстамасының аритмиялық түрінде мүлдем ауру сезілмеуі мүмкін. Онда негізгі белгі тахикардия болады. Бұл кезде жүректің жиырылу жиілігі аз дегенде минутына 90 соққыға артады. Алайда тахикардия тек жүрек ұстамасының белгісі емес. Ол сондай-ақ физикалық жүктеменің көп болуынан, қатты күйзелістен немесе кей дәрілерді ішуден пайда болады.

Ентігу мен қатты жөтел

Жасырын жүрек ұстамасының тағы бір белгісі – алқызыл қақырықпен және ентігумен бірге жүретін қатты жөтел. Науқаста тыныс алу қиындықтары болуы мүмкін.

Қатты ісіну

Жылдам артып келе жатқан ісіну әлсіздікпен және ентігумен қатар жүрсе, ол жасырын жүрек ұстамасының белгісі болуы мүмкін.

Жақтың ауыруы

Жақтың ауыруына жиі стоматологиялық проблемалар әсер етеді. Бірақ кейде ол қауіпті аурулардың, соның ішінде жүрек ұстамасының дамуын білдіруі мүмкін. Егер ол жасырын жүрек ұстамасының белгісі болса, онымен бірге мына белгілер де білінуі мүмкін:

- ентігу;
- суық тер;
- жүрек айну немесе құсу;
- жиіленген жүрек соғысы;

massaget.kz
20 ақпан 2023 ж. 265 0