Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биологиялық белсенді қоспаларды қандай жағдайда пайдалануға болады?

Биологиялық белсенді қоспаларды қандай жағдайда пайдалануға болады?

ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи тектес қоспалар, дәрі болып санадмайды. Олар биологиялық белсенді заттардың (тағамдық талшықтар, витаминдер, минералдар, амин қышқылдары) қосымша көзі ретінде қолданылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тағамдық қоспаларды тек диеталық өнімдерді сататын мамандандырылған дүкендер, азық-түлік дүкендері, дәріханалар арқылы сатуға рұқсат береді, ондада ТР ТS021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» сәйкес барлық тағамдық қоспалар Қазақстанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. ББҚ тіркелмеген болса, оларды пайдалануға тыйым салынады. Пайдалы ББҚ зиянды жалған қоспалардан айыру үшін әрбір тұтынушы сатып алар кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін сұрау керек. Егер де қоспаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы дәлелді куәлігі болса, ол қоспа денсаулыққа зиян тигізбейді. Қоспаларға мемлекеттік тіркеуді зерттеулер жүргізу негізінде сараптама комиссиясының қорытындысымен беріледі. Бұл тағамдық қоспаларды тіркеу Еуразиялық экономикалық комиссияның «ЕАС» ресми сайтында орналастырылады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен және «Экспорттық-импорттық қатынастардың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөлімінен қарауға болады. Егер де сіз сатып алатын қоспаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлігі осы тізілімде бар болып, сәйкес келсе, онда бұл қоспаны пайдалануға болады.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан күнделікті жергілікті желілерде осы қоспалардың жариялануы бақылауда болады. Анықталған жағдайда жариялаушыға хат жолданып, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі сұралады.
А . РАЗАҚОВА,
Арал аудандық СЭБ басқармасының маманы

22 ақпан 2023 ж. 736 0