Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ерекше күнде не істеген дұрыс?

Бүгінгі ерекше күнде не істеген дұрыс?

Көпшілік өздері үшін маңызды нәрселерді, мысалы, той немесе басқа да қуанышты жағдайды осындай ерекше күндері атап өткісі келеді. Алайда нумерология тұрғысынан бұл күннің мүмкіндіктерін қалай пайдаланған дұрыс? Нумеролог Марияна Анаэль Marieclaire.ru сайтына бұл күннің мағынасы жайлы және ол күндері не істеу керегін айтты.

Бәрін өзгертетін күн

2023 жылдың 23 ақпаны - осы жылдағы ең күшті және энергетикалық күн. Бұл (23.02.2023) оңнан солға қарай және солдан оңға қарай бірдей оқуға болатын айналы күн. Бұл өте сирек кездеседі. Мұндай күндері жұмбақ, ерекше нәрселер болады. Бірақ оны қалай қабылдау және оның өмірімізге қалай әсер ететіні тек өзімізге байланысты. Есептер бойынша, бұл күні 4 аркан (нумерологиядағы сандық код) іске қосылады: 1-ші, 5-ші, 10-шы, 19-шы аркан. Бұлардың әрқайсысының өз әсері бар, оларды біз күшейте немесе азайта аламыз.

Білім алу

Бірінші және бесінші аркан біліммен, біздің жаңа нәрсе үйрену қабілетімізбен байланысты. Бұл дегеніміз - бұл күні білімге қатысы бар жобаларды бастау немесе оқуға кету жақсы идея. Мысалы, бұрыннан қандай да бір курс оқығыңыз келіп жүрген болса, 23 ақпан соған арналған жақсы күн. Сондай-ақ бұл аркандар шешендік өнермен тығыз байланысты. Бұл күн спикерлердің өзін-өзі көрсетуіне жақсы мүмкіндік сыйлайды.

Көпшілік назарында болу

19-шы аркан - Күн арканы. Бұл күні үлкен аудитория алдына шығуға болады. Сәттілік сіздің жағыңызда болмақ.

Қаржылық уақыт

10-шы аркан жылжымайтын мүлік пен ақшамен байланысты. 23 ақпанда барлық коммерциялық келісімдер табысты өтеді. Егер бұрыннан пәтер сұрағын шешу ойыңызда жүрсе, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

massaget.kz
23 ақпан 2023 ж. 301 0