Тым ерте ояну – денсаулыққа зиян

Мамандардың айтуынша, сағат таңғы 6-ға дейін оянуға болмайды. Өйткені, адам 3 пен 5 арасы терең ұйқыда болады. Егер күнделікті тым ерте оянатын болсаңыз, жүректің ишемиялық аурулары жәен инфаркт алу қаупі артады.
Одан бөлек, таңда адамның температурасы мен қан қысымы өте төмен, ал қан айналымы баяу болады. Егер осы уақытта кенерттен оянып, белсенді қимылдай бастаса, қан айналымы бұзылып, жүрек талмасы болуы мүмкін. Мұндай жағдай жасы үлкен адамдарда жиі кездеседі.
Жастарға да айтарлықтай әсер етеді. Ерте тұру арқылы биоырғақ бұзылып, ұйқы бұзылады. Жиі қайталанса бас ауруы, бастың айналуы мен асқазан аурулары туындайды. Тіпті, семіздік пайда болуы мүмкін.
massaget.kz