Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз сәрсенбіге сәйкес келді, сол себепті ол күн демалыс болып бекітілді.
Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.
Осылайша наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 4 күн демалады.
Сонымен қатар наурыз айында оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін көктемгі демалысқа шығады.