Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматты жергілікті «военкоматқа» тіркеу автоматтандырылады

Азаматты жергілікті «военкоматқа» тіркеу автоматтандырылады

Жергілікті әскери комиссариатқа тіркеуге тұру жұмысы жеңідетілмек. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтар мекен жайын ауыстырғанда сол жердегі әскери бөлімге барып тіркеуге тұруы қажет. Ол үшін алдымен, өзі тіркеуде тұрған әскери комиссариаттан шығуы тиіс. Бұл жұмыстар біраз уақыт алады. Сол себепті біз деректер базасынан оның мекенжайын ауыстырғанын біле отырып, әскери комиссариат автоматты түрде ауыстыратын болады. Бұл жұмыстар техникалық тұрғыда жүргізілді, – деді ол ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

baq.kz​​​
01 наурыз 2023 ж. 277 0