Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда ауа райы қандай болады?

Наурызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері наурыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде нормадан асады, батыста, солтүстікте және оңтүстік-батыста норма шамасында болжанады.

Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан келген циклонмен байланысты атмосфералық фронттар жылжып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар аралас жауын-шашын түседі, солтүстік өңірде бұрқасын жүреді деп болжанады, оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін.

Қазақстан облыстарының басым бөлігінде көктайғақ болады, желдің екпіні 18-25 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Наурыз айының басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0,-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылау ықтималдылығы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклон әсерінен ауа температурасы түнде -5-12°С, күндіз 0,-8°С-қа дейін аздап төмендейді деп болжанады. 3-4 наурызда республикамыздың қалған аумағында ауа температурасының төмендеуі болжанады:

- солтүстік жартысында түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін;

- оңтүстік жартысында түнде 0,-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл Батыс және Оңтүстік Каспий циклондарының төбе көрсетуімен байланысты болады: жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін сынап бағаны жоғарылайды деп болжанады. Ауа температурасының қайта төмендеуі Батыс антициклонға байланысты алғашқы онкүндіктің соңында болжанады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде Иран аудандарынан жылы ауа массалары жылжып келіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.

Наурыздағы ауа райы құбылмалы, бұл осы айға тән, қар еру көбінесе аязды күндермен алмасуы мүмкін және қысқы боран әлі де бой көрсетуі мүмкін.
Екінші онкүндіктің кейбір кундерінде суық арктикалық ауа массаларының жылжып келуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді:

- солтүстік өңірлерде түнде -15-23°С, күндіз -5-10°С-қа дейін;

- еліміздің батысында, орталығында, шығысында түнде -13-18°С, күндіз 0,-5°С-қа дейін;

- оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -2-10°С, күндіз 0,+5°С-қа дейін.

Республикамызда нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде басталады деп күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Фото: sn.kz
02 наурыз 2023 ж. 259 0