Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Қазақстанда бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 14%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы ақпанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға өсті.
Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 25,4%-ға және Ақтауда - 25,2%-ға өсті.
Өңірлік бөліністе баға келесідей өсті:
(Қайталама тұрғын үй нарығы)
Семей - 41%,
Қызылорда - 39,9%,
Ақтөбе - 36,9%Ақтау - 35,4%,
Қостанай - 30,9%.
(Жалдау нарығы)
Көкшетау - 53,7%,
Қостанай - 51,9%,
Алматы - 49,6%,
Петропавл - 49,3%.
Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3%-ға, пәтерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті. Қаңтар айында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.