Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тұрғын үй саудасы 21,2% өсті

Қазақстанда тұрғын үй саудасы 21,2% өсті

 Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында тұрғын үй саудасы 21,2 % өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарлады.

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында тұрғын үй саудасы 144 299-ды құрап, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 21,2% өсті.
Бұл ретте биылғы жылдың маусымында тұрғын үй саласында тіркелген сауда-саттық келісімдерінің саны 29 543-ті  құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,4% артық.
10 шілде 2019 ж. 710 0