Шетелде жүрген қазақстандықтар сайлауда қалай дауыс бере алады?
ОСК шетелде жүрген Қазақстан азаматтары алдағы сайлауда қалай дауыс бере алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерде тиісті шет мемлекеттерде тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарда жүрген сондай-ақ шет мемлекетке жеке шақыру бойынша қызметтік-іскерлік және туристік сапарға келген барлық азамат учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың ҚР азаматы деген жарамды паспорты болса енгізіледі. Шет мемлекеттердегі сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округі бойынша дауыс береді.
Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру рәсімін мерзімінен бұрын аяқтай алады.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы учаскелерінің тізімімен СІМ және ОСК интернет ресурстарында танысуға болады.