Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады?

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн тойланады. Ол сейсенбі (21 наурыз), сәрсенбі (22 наурыз) және бейсенбіге (23 наурыз) сәйкес келіп тұр. Яғни дүйсенбі және жұма - жұмыс күндері.
Сонымен қатар, қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды аяқтап, көктемгі демалысқа шығады. Ол 18-26 наурыз аралығы болмақ.
Айта кетейік, жексенбі, 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді.