Коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-тармағының 5 тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге - ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы негіз болып табылады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі «Құрылыс» АҚ бойынша 43,7 пайызға, «Пикет ЛТД» ЖШС бойынша 25,0 пайызға және «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ бойынша 36,4 пайызға артығымен орындалды.
Осыған байланысты, ҚР ҚЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті аталған табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін қайта қарауға бастамашылық жасады.
Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Департамент тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 607-тармағын басшылыққа ала отырып, тарифтерді:
- 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізе отырып, «Құрылыс» АҚ үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне 1 вагон/шақырымға ҚҚС-сыз 624,74 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифті 13,7 пайызға төмендетіп,
- 2023 жылдың 10 ақпанынан бастап қолданысқа енгізе отырып, «Пикет ЛТД» ЖШС үшін жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне 1 вагон/шақырымға ҚҚС-сыз 765,51 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифті 19,3 пайызға төмендетіп,
- 2023 жылдың 10 наурызынан бастап қолданысқа енгізе отырып, «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ үшін суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метрге ҚҚС-сыз 717,71 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифті 16,9 пайызға төмендетіп бекітті.
kyzylorda-news.kz