Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21-24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады», делінген хабарламада.

Фото: ​massaget.kz​​​

20 наурыз 2023 ж. 338 0