Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салмақты азайту үшін ұстану керек 5 қағида

Салмақты азайту үшін ұстану керек 5 қағида

Салмақ жоғалту теріс энергия балансын (калория тапшылығы) сақтаумен тығыз байланысты. Мұны айту оңай болғанымен, калория тапшылығын сақтау өте қиын болуы мүмкін. Сондықтан біз осыны ұстануда көмектесетін маңызды 5 қағиданы ұсынамыз.

Калория тапшылығына не ықпал етеді?
Ұйқы
Егер ұйқыңыз дұрыс болмаса, аштық гормондары қалып жұмыс істемейді. Тамақ жеуге құмарлық артады және қозғалу үшін  энергия болмайды. Сол себепті ең алдымен ұйқы режимін қалыпқа келтіру керек.

Ақуыз
Денедегі бұлшықеттің мөлшері маңызды. Бұлшықеттің жұмысына және оның жиналуына ақуыз әсер етеді. Тамақ құрамында ақуыз болуын ескеріңіз.

Күш жаттығулары
Бұлшықеттерді ұстап тұру үшін көбірек энергия қажет. Бұлшық еттеріңіз неғұрлым көп болса, жаттығу жасамаған кезде соғұрлым көп калория пассивті күйіп кетеді. Бір күнде қаншалықты көп калория жағуға болады, соғұрлым жетіспеушілік ықтималдығы жоғары болады. Барлығы бір-бірімен байланысты. 

Кардио
Кардио жаттығулары салмақ жоғалту үшін 100% қажет емес, бірақ олар күнделікті калория жоғалтуға жақсы көмектеседі.  Сондай-ақ стрессті азайтып, жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.

NEAT
Дене жаттығулардан тыс, тұрмыстық белсенділікке жұмсайтын энергия бар. Бұлар да физикалық белсенділік түрі. Сол себепті жұмыстан шыққан соң жаяу жүруге, қозғалуға назар аударыңыз.

Сондай-ақ, жеткілікті мөлшерде су ішу және стресстің төмен деңгейін сақтау өте маңызды екенін айта кеткен жөн.

massaget.kz
22 наурыз 2023 ж. 300 0