Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылғы мамырдағы депозиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін сақтап қалды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚДКБҚ депозит нарығында қалыптасқан жағдаятқа байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың мамырына қарасты шекті мөлшерлемелерді сәуірдегі мәндік деңгейінде сақтады.
"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің  депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 7 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады.
03 сәуір 2023 ж. 452 0