Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Т. «Technodom Operator» АҚ-на тиесілі сауда дүкенінің сатылым залы орналасқан бөлмесіне емін-еркін кіріп-шығуға рұқсаты бар сатушы-кеңесші қызметін атқарып жүріп, осы бөлмедегі шыныдан жасалынған жабық сөреде тұрған қол сағаттардың ішіндегі қара түсті «Нuawei WATCH GT2» үлгідегі қол сағатты ұрлап алып, сауда дүкеніне 74 992, 96 теңге материалдық шығын келтірген.
Алайда, сотқа жәбірленуші өкілі К. қылмыспен келтірілген шығын өтелгендігін, қояр талап-тілегі жоқ екенін, сондықтан сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Осының негізінде, сотталушы Т. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
12 сәуір 2023 ж. 315 0