Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ә-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ә. «Е» ЖШС-нің сервер бөлмесіне кіріп-шығуға рұқсаты бар аға бақылаушы қызметін атқарып жүріп, осы бөлмеде тұрған «iPhone 11» үлгіcіндегі ұялы телефонды жасырын жымқырып, жәбірленуші «Е» ЖШС-не 359 900 теңге мүліктік шығын келтірген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.
Алайда, сотқа тараптар кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісімді ұсынған. Келісімде сотталушы мен жәбірленуші өкілінің медиация тәртібімен татуласқаны, жәбірленушінің сотталушыға ешқандай талап қоймайтындығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Осының негізінде, сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

04 ақпан 2021 ж. 580 0