Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Алайда, сотқа тараптар кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісімді ұсынған. Келісімде сотталушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласқаны, жәбірленушінің сотталушыға ешқандай талап қоймайтындығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Осының негізінде, сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Сотталушының масаң күйде көлік басқару әрекеті, ҚР ӘҚБтК-нің 62-бабының 6-бөлігіне сай, жауапкершілігін қарау үшін қаулы көшірмесі Арал аудандық полиция бөліміне жолданған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі