Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді

Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді

Синоптиктер 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, елімізде алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта жел күшейеді.

16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді.
14 сәуір 2023 ж. 167 0