Өткен тәулікте 31 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте елімізде 31 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 829 адам коронавирус инфекциясынан (–1 645+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 645 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• жағдайы өте ауыр пациент жоқ,
• жасанды тыныс алу аппаратында жатқан науқас тіркелмеді.