Елімізде 47 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте елімізде 47 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 387 адам коронавирус инфекциясынан (–1 221+ және 166 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 166 пациент стационарда, 1 221 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.