Синоптиктер 26 сәуірдегі ауа райын болжады
Қазгидромет 26 сәуірдегі ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады деп болжанады.
Ел бойынша желдің күшеюі күтілуде, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батысында шаңды дауыл болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында түнде 2-7 градус үсік сақталады.
kyzylorda-news.kz