Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?

«Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан аумағында 237 соғыс ардагері тұрады. Оларға алдағы Жеңіс күніне орай тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша олардың әрқайсысына кемінде 1,5 млн теңгеден төленеді», деді Тамара Дүйсенова тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.