Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰТЫНУШЫЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ТҰТЫНУШЫЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Күн сайын дерлік біз әртүрлі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып аламыз, бірақ олар әрдайым сапалы бола бермейді. Кейде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын, сатушылар тауардың техникалық сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген кезде бұзылады.
Бұл ретте, соңғы уақытта әртүрлі салаларда тұтынушылардың құқықтарын бұзу жағдайлары жиілеп кеткенін атап өткен жөн, осыған байланысты уәкілетті органға өтініштер саны жыл сайын артып келеді.
Осыған байланысты тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Осы ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті орган заң жобасын әзірледі, ол елдің ақпараттық саласында белсенді талқыланып және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына оралсақ, оның негізгі аспектілерін атап өткен жөн.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу және заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту. Омбудсмен институтының бірқатар елдердің қоғамдық-саяси жүйесіне қосылуы, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның қызметі саласындағы қоғамдық институттардың жандануымен түсіндіріледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтының міндеті 19 млн тұтынушының әрқайсысын тыңдау, қызмет барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жүйелік проблемаларын зерделеу және анықтау, сондай-ақ тұтынушылардың дауысы ретінде қызмет атқару, бұл туралы Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы эшелондарына мезгіл-мезгіл тікелей баяндау, осы проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстар енгізу болып табылады.
Омбудсмен институтының функцияларына кәсіпкермен туындаған тұтынушы құқықтары мәселелері бойынша сотқа дейінгі реттеу, әйтпесе - тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін талап қоюмен сот органдарына жүгіну, егерде тұтынушылардың құқықтарына нұсқан келтіруі мүмкін болса немесе олардың мүдделерді қозғалса, әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің салалық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысу,азаматтарды тұтынушылардың құқықтары мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру  және ағарту болып табылады.
2020 жылы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулер қабылданып, олар үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал етті, оның ішінде тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі енгізілді (1 кезең – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – мемлекеттік органдар, 3 кезең — сот). Тұтынушылардың шағымдарын қарау мен шешудің енгізілген үш сатылы алгоритмі тұтынушылардың мемлекеттік органдарға, содан кейін сот органдарына өтініштерін жіберуді көздейді. Бұл ретте сондай-ақ азаматтың сотпен кедергісіз қорғалуына конституциялық құқығын ескере отырып, тұтынушылардың шағымдарын  қараудың қолданыстағы үш сатылы алгоритмін, екі сатылы алгоритміне,  тұтынушылық даудың тараптары арасындағы дауларды тек қана сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігін сақтай отырып, құқықтары бұзылған тұтынушыны сотқа талап қою алдында мемлекеттік органға жүгінуге міндеттемеу ұсынылады.
Бұдан басқа тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде қаражаттың болмауы және де базаларының материалдық-техникалық жарақтануының төмен болуы олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарына кедергі келтіретінін атап өткен жөн. Бұл ретте тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу жөніндегі институт сияқты қоғамдық бірлестіктерді қаржылық қамтамасыз ету қаралмаған. Бүгінгі күні жауапкерден заңды тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) сомасын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне аудару туралы норма жоқ, бірақ бұрын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңында болған. Аталған ұсыныс оны қаржыландырудың қосымша көзі болады және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі қоғамдық бірлестіктердің қаржылық тәуелсіздігіне демеу болады.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген жаңашылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей аладыжәне кәсіпкерлерге Smart QR қосылуға болады.
«ПОТРЕБИТЕЛИ НУЖДАЮТСЯ В ПОВЫШЕННОЙ ЗАЩИТЕ»
Практически каждый день мы приобретаем различные товары (работы, услуги) но не всегда они бывают надлежащего качества. Иногда случается, что права покупателя нарушаются еще до покупки, когда продавцы предоставляют недостоверную информацию о технических характеристиках товара.
При этом следует отметить, что в последнее время участились случаи нарушения прав потребителей в разных сферах, в связи с этим количество обращений в уполномоченный орган с каждым годом растет.
В этой связи в целях максимальной защиты потребителя в рыночных отношениях регулярно вносятся изменения и дополнения в законодательство о защите прав потребителей. В связи с чем по поручению Главы государства, уполномоченным органом разработан законопроект, который активно обсуждается в информационном поле страны и прорабатывается совместно с госорганами.Возвращаясь к законопроекту о защите прав потребителей, следует подчеркнуть его основные аспекты.
Институциональное усиление системы защиты прав потребителей за счет введения и законодательного закрепления института омбудсмена по защите прав потребителей.Включение института омбудсмена в общественно-политическую систему ряда стран объясняется прежде всего активизацией общественных институтов в сфере деятельности государства и общества.
Задачей института омбудсмена по вопросам защиты прав потребителей будет услышать каждого из 19 млн потребителей, изучать и выявлять системные проблемы сферы защиты прав потребителей в ходе деятельности, а также служить голосом потребителей, периодически докладывать напрямую об этом на самые верхние эшелоны государственной власти, с предложениями по решению этих проблем.
Функциями института Омбудсмена будет досудебное урегулирование по возникшим вопросам прав потребителя с предпринимателем, в противном случае - обращение в судебные органы с иском в интересах и защиты прав потребителей, активное участие в разработке отраслевых проектов нормативных правовых актов государственных органов-разработчиков, если они затрагивают интересы или могут ущемить права потребителей, просвещение и повышение правовой грамотности граждан по вопросам прав потребителей.
В 2020 году были приняты поправки в Закон«О защите прав потребителей», которые способствовали построению целостной системы защиты прав потребителей с вовлечением неправительственных организаций и бизнеса, в том числе внедрен  трехступенчатый алгоритм рассмотрения жалоб потребителей (1 этап – продавец и субъекты досудебного урегулирования споров, 2 этап – государственные органы, 3 — суд).Внедренный трехступенчатый алгоритм рассмотрения и разрешения жалоб потребителей предусматривает обращения потребителей в государственные органы, затем в судебные органы. В связи с этим, а также учитывая конституционное право гражданина на беспрепятственную судебную защиту, предлагается усовершенствовать действующий трехступенчатый алгоритм рассмотрения жалоб потребителей в двухступенчатый, сохранив возможность досудебного урегулирования споров исключительно между сторонами потребительского спора, не обязывая потребителя, чьи права нарушены, обращаться в государственный орган перед подачей иска в суд.
Кроме того, следует отметить, что отсутствие финансовых средств и низкая материально техническая оснащенность базы общественных объединении потребителеймешает их работе по защите прав потребителей. При этом отсутствует финансовое обеспечение общественных объединений, такого как институт по начислению общественным объединениям потребителей вознаграждений от суммы, возмещаемой потребителю. На сегодня норма о перечислении суммы законной неустойки (штрафа) с ответчика общественному объединению потребителей отсутствует, но ранее присутствовала в Законе Казахской Советской Социалистической Республики от 5 июня 1991 года «О защите прав потребителей».Предлагаемое будет дополнительным источником ее финансирования и будет подспорьем финансовой независимости ныне существующих общественных объединений по защите прав потребителей.
В целом предлагаемые поправки в закон о защите прав потребителей дадут положительный эффект по обеспечению удовлетворённости потребителя, созданию социального баланса. Законодательное закрепление разработанных новшеств выведет систему защиты прав потребителей на более качественный уровень и повлечет благоприятные изменения в жизни казахстанцев.
Также вединойинформационной системе защиты прав потребителей e-tutynushy.kz, каждый гражданин может зарегистрироваться и сообщить о своих нарушенных правах с помощью мобильного телефона или компьютера, а также предпринимателимогут подключиться с помощьюSmart QR
.
27 сәуір 2023 ж. 271 0