Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушы күні

9 мамыр - Жеңіс күні.

Осылайша қазақстандықтар мереке күндері төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады.

Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.
28 сәуір 2023 ж. 203 0