Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы.
Қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, парақорлыққа итермелеу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған мүлікті иелену және осы тектес қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық болып табылатындығы анық.
Сыбайлас жемқорлықтың әкелетін үлкен қасіреті, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласына зиянын тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының әл-ауқатын төмендетеді. Бұдан бөлек, мұның бәрі халықтың ел үкіметіне сенімін жоғалтуына бірден-бір себеп болуы мүмкін. Қоғаммен бірге бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.
О. ДАБЫЛОВ,
«Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен
жер қатынастары бөлімі» бас маманы
30 сәуір 2023 ж. 231 0