Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Өркениетті дамытқысы келетін, орта сын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ауқымы жылдан-жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз зор міндеттердің бірі. Сондықтан біртұтас қоғам ретінде бұл кеселге лайықты жауап қатуымыз құба-құп. Елдің, халықтың күйреуіне әкелетін, мемлекет беделіне дақ түсіретін осы кеселді жою үшін бес-алты ай жеткіліксіз, оған көп уақыт талап етіледі. Түп қазығын балтамен шауып тастайтындай әрекет жасауымыз да қағида. Жемқорлық ішінара дамуды тежейтін теория, түбі жоқ терең шыңырау десек те болады. Жемқорлықтың көріністерін, атап айтар болсақ, қоғамдағы пара алу не ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану проблемалары. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұруымыз керек. Насихаттау ісі де үлкен ықпалын тигізеді. «Ұры – қарының серігі». Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз қажет. Сонда ғана әлем алдында мемлекет беделі, абыройы алтынмен әспеттелетіндей.
Ерболат АЙДАР,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы