Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар 4 теңгеге арзандады

Доллар 4 теңгеге арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 449,15 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 сәуір мен 3 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 453,39 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,26 теңгеден сатып алынып, 451,34 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,45 теңге, сату – 451,21 теңге.
02 мамыр 2023 ж. 260 0