Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Оқырмандардың атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жиі қойылатын сұрақтарына Байқоңыр аудандық әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Әлия Сәрсенбайқызы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісіне жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы не үшін құрылды?

– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2001 жылы 17 шілдеде атаулы әлеуметтік көмек қабылданды. Осы Заң аз қамтылған адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. Атаулы әлеуметтік көмек – қиын өмірлік жағдайдан шығуға, сондай-ақ жұмыссыздардың санын азайту мақсатында және халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету жөніндегі шаралар жүйесі. Атаулы әлеуметтік көмек екіге бөлінеді: шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек мүгедек азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі объективті себептермен жұмыс таба алмайтын отбасыларға (үш жасқа толмаған балаға күтім жасау, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, күтім мен көмекті қажет ететін қарт адамдарға) көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек кемінде, еңбекке қабілетті бар бір отбасы мүшесіне арналған және әлеуметтiк келiсiмшарттың жасалуы жұмыстың адал орындалуына байланысты беріледі. Егер отбасында жұмыссыз отбасы мүшесі болса, онда ол жұмысқа орналастырылуы немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы тиіс. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығы кең ауқымды қызмет көрсетеді. Бұл - лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қызметтері, сонымен қатар «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс», азаматтардың әлеуметтік осал санатына арналған жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту және мемлекеттік гранттар сияқты жобалар. Егер азамат әлеуметтік келісімшарт талаптарын бұзса, онда ол атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.

– Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

– Атаулы әлеуметтік көмекті, Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтар ала алады.

– Бүгінгі кедейлік шегі қандай?

– Қазіргі уақытта, Астана қаласы бойынша 2023 жылдың 2 тоқсанында кедейшілік шегі 35 482 теңгені құрайды, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленеді.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларға шынайы түрден қолма-қол ақшаға көшірілді, ондағы төлемдер әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін болады. Осылайша, ата-аналар өз балаларына азық-түлік сатып ала алады.

– Өтінішті қалай беруге болады және өтінішті өңдеу қанша уақытты алады?

– Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы немесе egov.kz электронды үкімет порталында жеке кабинет арқылы онлайн өтініш бере алады. Өтініш берудің тағы бір жолы ол проактивті форматта беруге болады. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі туралы хабарланады. Азамат 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама алады, ол SMS-хабарламаға IBAN банктік шотын көрсетіп жауап беруі тиіс және азамат сол арқылы өтініш беруге келісімін береді. Өтініш деректер базасына автоматты түрде енгізіледі, содан кейін өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні шінде қаралады, бірақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде өтініш беруші туралы деректер болмаған жағдайда өтініш беруші құжаттарды өзі ұсынуға құқылы, ал егер өтініш берушінің тиісті құжаттарды ұсынуға мүмкіндігі жоқ болса, онда мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға жазбаша өтініш жіберіледі, бірақ бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен жауап алғаннан кейін аспауы тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті тіркегеннен кейін құжаттар өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін аудандық комиссияға жіберіледі. Сауалнама нәтижелері бойынша материалдық жағдай актісі жасалады, оның негізінде Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе қажетсіздігі туралы қорытынды шығарады.
10 мамыр 2023 ж. 326 0