Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бағамы қымбаттады

Доллар бағамы қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 444,16 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,59 теңгеден сатып алынып, 445,63 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 443,43 теңге, сату – 446,60 теңге.
11 мамыр 2023 ж. 371 0