Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. 15 мамырда түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деген болжам бар. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда қатты жаңбыр жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша желдің күшеюі және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл күтіледі.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады. Тек 14-15 мамырда түнде еліміздің солтүстік жартысында -1-3 градус аяз күтіледі.
12 мамыр 2023 ж. 353 0