Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға еркін киімде қатысуға рұқсат етілді

ҰБТ-ға еркін киімде қатысуға рұқсат етілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге еркін киімде қатысуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге су және шокалад алып кіруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуі бойынша талапкерлерге бірқатар жеңілдіктер жасалды. Ереже-талапты орталық өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Онда тест тапсырушыларға еркін киімде келуге рұқсат етілген.

Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, биыл тестілеу сынағына талапкерлер өзімен бірге су және шоколад алып келуіне болады.

Айта кетейік биыл ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілде аралығында өткізіледі.
12 мамыр 2023 ж. 254 0