Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға не алып кіруге болады

ҰБТ-ға не алып кіруге болады

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға өзіңмен алып кіруге рұқсат нәрселерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан Direct пен пікірге тестілеуге өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма деген сұрақтары келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсем Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып келуге болмайды, - деді орталық директоры.

Сонымен қатар Руслан Емелбаев ҰБТ-ға не алып кіруге болатынын да айтты.

Сіздерге тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауаттылық, физика, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор ұсынылады. Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады. Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздердің ыңғайлықтарыңыз үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн. Сәттілік, - деді ол.
16 мамыр 2023 ж. 246 0