Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Мемлекет басшысының алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент 22 мамырда Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі

    "Сондай-ақ, дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

Фото: egemen.kz
20 мамыр 2023 ж. 355 0