Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада азық-түлік дүкенінде ұрлық жасаған күдіктілер бейнекамераға түсіп қалды

Қызылордада азық-түлік дүкенінде ұрлық жасаған күдіктілер бейнекамераға түсіп қалды

Қызылордада азық-түлік дүкенінде ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 мамыр күні Қызылорда қаласында азық-түлік дүкендердің бірінде екі азаматтың тұрмыстық заттарды ұрлап жатқандығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Ұрлық дерегі бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасына арызданған. Арыз негізінде жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілерді ұстау мақсатында жедел жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде 31 және 34 жастағы облыс тұрғындары ұсталды. Тергеу іс-әрекеттері барысында күдіктілер ұрланған заттарды өз бас пайдаларына иемденіп, сатып жібергендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

syrboyi.kz
21 мамыр 2023 ж. 138 0