Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 мамыр күніне ауа райы болжамы

25 мамыр күніне ауа райы болжамы

25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
25 мамыр 2023 ж. 160 0