Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде он алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде он алтын медаль жеңіп алды

Алматыда бокстан Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлығы он үш салмақ дәрежесінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Қырғызстаннан келген 177 боксшы медальдар үшін күресті.

Турнирде қазақ боксшылары он алтын медаль жеңіп алды: Даниял Сәбит (51 келі), Дамир Әбдіқадір (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Сұлтан Мусинов (63,5 келі), Ділмұрат Мижитов ( 67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) және Шаймұрат Құсайынов (86 келі) чемпион атанды.

Екі алтынды Қытай боксшылары – Ашан Резибек (92 келі) пен Абудурешити Ремула (+92 келі) жеңіп алды.

Бір «алтынды» қырғыз боксшысы Жеңіш Ұлпатов (48 келі) еншіледі.
27 мамыр 2023 ж. 251 0