Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық олимпиадада Сыр дарыны топ жарды

Халықаралық олимпиадада Сыр дарыны топ жарды

Физикадан Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтуде.

Жыл сайын олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам тб әлемнің 31 ден астам елдің өкілдері қатысты.

Қазақстан ұлттық құрама командасының құрамына ағымдағы жылғы физика бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы

Бакытов Арман – С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Олимпиада қорытындысымен Арман қола медаль иеленді.

syrboyi.kz
29 мамыр 2023 ж. 402 0