Тиімді, оңтайлы рәсімдеу

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне көрсетілген құжаттарды, HR ENBEK-ке енгізу үшін құжаттарды ұсынады.
Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритмнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді.
Зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі. Sms-хабарламаға жауапты күту мерзімі sms-хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады. 1414 нөмірі бойынша берілген Sms-хабарламаға үлгіге сәйкес жауап жазылуы қажет.
Асылхан АМАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
Арал аудандық бөлімінің бас маманы