Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТИІМДІ, ОҢТАЙЛЫ ЖӘРДЕМАҚЫ РӘСІМДЕУ

ТИІМДІ, ОҢТАЙЛЫ ЖӘРДЕМАҚЫ РӘСІМДЕУ

Жәрдемақыларды рәсімдеуде өтініш берудің ең тиімді жолы электронды өтінім беру. Аталған оңтайлы рәсімдеу «е-gov» электронды үкімет порталы, банктік қосымшалар арқылы, ұялы байланыс операторы арқылы смс хабарламалар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 11 қазан 2022 жылғы №416 бірлескен бұйрығына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау процесін автоматтандыру жөнінде пилоттық жоба іске асырылуда. Ұялы байланыс операторы арқылы проактивті қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасына байланыс нөмірі тіркелу қажет. Жәрдемақы алуға құқылы болған уақытта ұялы байланыс операторы арқылы SMS хабарлама жолданып, 3 жұмыс күні ішінде жауап беру арқылы өтінім береді. Осы орайда аудан тұрғындарын тиімді жәрдемақы рәсімдеу жолын пайдалану уақыт үнемдеуде үлкен мүмкіндік екенін айтқымыз келеді. Асылхан АМАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімінің бас маманы

Фото: kt.kz
10 желтоқсан 2022 ж. 363 0