Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын, күміс алқалы және "Батыр аналар" жәрдемақыны қалай ала алады?

Алтын, күміс алқалы және "Батыр аналар" жәрдемақыны қалай ала алады?

Егер сіз "Алтын алқа", "Күмісалқа" , "Батыр ана", "Анадаңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.


ХҚО арқылы:
- Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
- Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
- ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
- Жеке куәлік;
- Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
- Банктік есепшот жайлы анықтама;
SMS хат арқылы:
- Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
-Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
- Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.
Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.
22 желтоқсан 2020 ж. 1 224 0