Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрдемақыларды рәсімдеудің тиімді жолы

Жәрдемақыларды рәсімдеудің тиімді жолы

Қазіргі таңда мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу "e-gov" электронды үкімет порталы, банктік қосымшалар арқылы, ұялы байланыс операторы арқылы смс хабарламалар бойынша өтінім беру тиімді жолға қойылған.
Бала тууға байланысты біржолғы және бір жасқа дейінгі бала күтімі, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көпбалалы отбасыларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға, асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға, жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге өтінім бере алады. Қағаз түріндегі құжаттар түрін азайту  мақсатында Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы төлемге қажетті мәліметтері электронды ақпарат жүйесінен алынады.
Осы орайда аудан тұрғындарының Халыққа қызмет көрсету орталығына барып кезекке тұрмай-ақ, тиімді жеңілдетілген жәрдемақы рәсімдеу түрін пайдалануға шақырамыз.

Асылхан Аманов,
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КеАҚ әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімінің бас маманы
02 шілде 2022 ж. 425 0