Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құжат тапсыруды оңтайландыру

Құжат тапсыруды оңтайландыру

Цифрлық құжаттар әрбір қазақстандықтың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетті. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету «электрондық үкіеметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат қолданылады.
Ұялы байланыс операторы арқылы проактивті қызметтерді бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, Асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға, Жұмыспен қамту орталығы - адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және "бір өтініш" қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін пайдалана алады
         Осыған сәйкес аудан тұрғындарына жеңілдетілген құжат рәсімдеу түрін пайдалану мүмкіндігі бар екенін айтамын.
Асылхан Аманов,
 «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
 әлеуметтік қызмет көрсету бойынша
 Арал аудандық бөлімінің бас маманы
23 наурыз 2022 ж. 260 0