Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

«Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
07 маусым 2023 ж. 385 0