Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні рас па?

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиіс өзгерістер қаулыға енгізілмеген.
"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес Министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", - деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.