Балық аулау істері бойынша жұмыстар жүргізілуде
Арал балық инспекциясы жыл басынан бері алғашқы рейдтік іс-шара ұйымдастырып бастады. Сонымен бірге 2023 жылдың сәуір айының 1-і мен маусым айының 10-ы күні аралығында республика көлемінде «Уылдырық» атты жедел іс-шарасы өткізіліп келеді.
АПб-нің ЖПҚ-нің ТҚПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Б.Елубаев пен Арал аудандық балық инспекциясының инспекторы М.Үркімбаев бірлескен рейд жүргізу барысында Арал ауданы тұрғындары ағайынды Ж. есімді екі азаматтың алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ұйымдастырылып, Арал ауданы, Кіші Арал теңізінің 10 аймағы мен 8-ші аймағы ортасында «Ямаха» маркалы моторы бар пластик қайықпен балық аулаған. Атап өтсек, ау салу арқылы 98 кг сазан балығын, 14 кг жыланбас балығын, 1,5 келі көксерке балығын, 17 кг қарас балығын заңсыз аулағаны анықталып, Қызылорда облыстық сараптамасымен 29.05. 2023 жылы №1127 санды қорытындысы бойынша мемлекетке 789 259 теңге зиян келтіргендігі анықталды. Аталған заң бұзушылық істері бойынша Ж. есімді азаматтарға ҚР ҚК-нің 335-бабының 3 бөлігінің 4,5 тармағымен СДТТБТ-не атаулы санмен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Қорғалуға құқығы бар Ж. есімді ағайынды азаматтар куә қатарында Арал АПб-не жеткізіліп, жауап алынды, бұрын сотты болмаған, бас шарасы сараптама қорытындысынан кейін қарастырылады.
23.05.2023 жылы жергілікті уақыт сағат 16:43 минутта Арал АПб-нің ТБ-нің аға тергеушісі полиция майоры Ж.Отаровтың баянаты тіркелген.
Ж.Отаровтың баянатына сәйкес 19.04.2023 жылы бөлімінің АЕК-не сағат 07:10 минутта Арал аудандық балық инспекциясы басшысы Е.Есіркеповтің Арал ауданына қарасты Кіші Арал теңізінің «Сарышығанақ» деген жерінен Ж. есімді азамат пен Е. есімді азамат заңсыз балық аулау дерегі тіркеліп, одан алынған балықтар 19.04.2023 жылы Қызылорда облыстық сараптамасына жолданған 24.04.2023 жылы №962 қорытындысы бойынша аталған екі азаматтан алған айғақ заттар морфологиялық зерттеу нәтижесінде 16 846 кг табан балығына, 6 410 кг мөңке балығына, 53 758 кг көксерке балықтарына жататындығы және мемлекетке келтірілген шығын мөлшеріне 10.05.2023 жылы №956 сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша 409 796 теңге мемлекетке залал келтіргендері анықталды.
Аталған құқық бұзушылық деректері бойынша аудан тұрғындары Ж. және Е. есімді азаматтар ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігінің 4,5 тармағымен СДТТБТ-не атаулы санды қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмысты тергеп-тексеру жұмыстарын Арал АПб-нің тергеушісі, полиция майоры Ж.Отаров жүргізіп жатыр. Сонымен бірге қылмысты Арал АПб-нің ЖПҚ-нің ТҚПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Б.Елубаев пен Қызылорда облысы, Арал-Балық инспекциясының бөлім басшысы Е.Есіркепов ашты.
Айта кетейік, жыл басынан 3 қылмыс тіркеліп, сотқа жолданып, сот өндірісінде жатыр. Тіркелген қылмыстық іс бойынша құқық бұзған азаматтарға көзделетін жаза ол азаматтардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.
Н. ШЕГЕБАЕВ,
Арал АПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі