Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғындар бейнекамераға түсіп қалды

Ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғындар бейнекамераға түсіп қалды

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1086 (бір мың сексен алты) түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды.

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген. Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге жеткен.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, сексеуіл бұталарынан жасалған екі қос, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы «кептірілген марихуана» 723 гр. көлемінде болып шықты.

Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігімен (Ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

syrboyi.kz
13 маусым 2023 ж. 175 0