Жедел жәрдемнің фельдшері

– Біздің басты міндетіміз – алғашқы медициналық көмек көрсету. Әрбір күніміз адам жанына араша болумен өтеді. Басы ауырып, балтыры сыздаған, түрлі жағдайда ауырған науқастар алдымен жедел жәр¬дем қызметіне жүгінетіні белгілі. Содан біз қызметімізге кі¬рі¬сіп, алғашқы көмек көрсетуге барамыз. Қатты ауырып жатқан науқастармен бетпе-бет келеміз. Сондай әрбір секунд санаулы болған шақта жедел қимылдап, науқасқа тиісті дәрілерді саламыз, жағдайын қалыпқа келтіреміз. Осыдан соң аудандық ауруханаға жет¬кіземіз, – дейді Данияр Алпамысұлы.
Фельдшер Данияр қызмет барысында науқастармен қарым-қатынаста қиындықтар көп кездесетінін, десе де он шақты жыл уақыт ішінде тәжірибелі мамандардан көп нәрсені үйреніп, талай қиындықты еңсергенін айтады.
– Медициналық көмек көрсету барысында жүрек-қан тамырлары, қан қысымы, қант диабеті сынды аурулар жиі кездеседі. Кей кездері ауырып, ес-түссіз жатқан науқастарға барамыз, ондай кезде алдымен науқас жанның есін жиюға әрекет етеміз. Денсаулығы жақсара бастағаннан кейін ғана жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткіземіз. Сондай-ақ жол-көлік оқи¬ғалары кезінде жол апаты салдарынан адамдар түрлі жарақаттар алып жатады. Ол кезде де шалт қимылдап, алғашқы көмеккөрсетеміз,– дейді тәжірибелі маман.
Аға мейіргері болған Эльмира Төлегенқызы әріптесі жайында: «Данияр тапсырмаларды уақытылы орындайды,жауапкершілігі мол, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Пациенттерге жаны ашып, мейіріммен қарайды, үнемі күліп жүреді.Жылы жүзді, жай сөйлеп, жақсы түсіндіреді», – дейді.
Жедел жәрдем бөлімшесінің қызметі турасында аға мейіргер Ботагөз Қарабекова:
– 2018 жылы аурухана жанынан ашылған жедел жәрдем бөлімшесінде 12 фельдшер, 5 диспетчер, 5 жүргізуші еңбек етеді. Фельдшерлер төртінші категория бойынша жұмыс жасайды. Жағдайы ауыр науқасты аман алып қалу үшін медицина мамандары жауапкершілікті айқын сезінген. Қай уақытта кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыратын сала мамандарының әр күні қиындыққа толы. Әсіресе жаз маусымында созылмалы дерті бар науқастар дәрігерге бірнеше рет жүгінеді.Сондай шақта жедел жәрдем қызметкерлері көмегін көр¬сетеді. Олардың қатарында Даниярды ерекше атап өтуге болады. Ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Оның еңбегі салалық басшылық тарапынан ескеріліп, аудандық аурухананың және медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен, Алғыс хаттарымен марапатталған,–дейді.
Ал қала тұрғыны Бибиажар Бақтыбаева:
– Денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қиналғанда жедел жәрдем көмегіне жүгінеміз.Кейде бір күннің өзінде бірнеше мәрте шақырамыз.Сондай шақта жедел жәрдем қызметкерлері көмегін көр¬сетеді. Жедел жәрдемнің фельдшерлері көбісі ер балалар.Тез келеді,қолдары жеңіл тамырға тез түседі.Кеңестерін тыңдаймыз орындаймыз.Жеңілдеп жақсы болып қаламыз.Олардың қатарында Даниярды ерекше атап өтуге болады. Жас ұлғайған сайын аурушаң болады екенсің. Бір күні басым қатты ауырып, қан қысымым көтерілді. Сол бойда дереу жедел жәрдем көмегін шақырдым. Данияр келіп, өз қызметін сапалы атқарды. Қан қысымым қалыпқа келгенше жанымда болып, дәрі-дәрмегін берді. Аз ғана уақыттың ішінде білікті маманның арқасында жағдайым жақсарып, көңілім жайлана түсті. Осындай халыққа медициналық қызмет көрсетіп жүрген тәжірибелі мамандарға медицина қызметкерлері күні қарсаңында шынайы алғысымды білдіремін. Тек мен ғана емес, басқа да аудан тұрғындары фельдшердің көме¬гімен ауруынан айыққанына сенімім кәміл, – дей¬ді.
Сырқаттанған адамның дер кезінде жаны¬¬¬нан табылатын жедел жәрдем бөлім¬¬шесінің мамандары барлық мақтауға лайық. Қаншама халыққа қыз¬мет ететін бөлімшенің фельдшерлері та¬бан¬дылық пен қырағылықты жанына серік еткен жандар. Сондай жанның бірі Данияр Алпамысұлы да медицина саласындағы рәтті жұмысының жауапкершілігі мол екенін біле¬ді. Соған сай еңбек етіп, бүгінде көпшіліктің алғысына бөленіп келеді.
Біз де осындай ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбастарына амандық тілейміз.
К.Махсұт