Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдеде қазақстандықтар неше күн демалады?

Шілдеде қазақстандықтар неше күн демалады?

Келесі айда Қазақстан азаматтары 11 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік рәміздер мерекесіне байланысты жұмыс күндерінің орны ауысқандықтан, қазақстандықтар шілдеде 11 күн демалады.

6 шілде күні қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Астана күнін атап өтеді.

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін 1 шілдедегі (сенбі) демалыс күні 7 шілдеге (жұма) ауыстырылды. Осылайша жұма – 7 шілде демалыс күні ретінде белгіленді.

2023 жылы демалыс күндердің ауыстырылуына орай 6-9 шілде аралығында 4 күн қатар демаламыз.
19 маусым 2023 ж. 361 0